374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да сот шешімімен үш сауда орталығы жабылды

  • 168
  • UPD: 16:28, 30.07.2018
БҚО-да сот шешімімен үш сауда орталығы жабылды

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметі сауда нысандарынан өрт қауіпсіздігіне қатысты 1 мың 284 заң бұзушылықты анықтаған.

Шара барысында шаһардағы 56 сауда орталығы, сауық кешендері мен базарлар тексерілді. 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңмен көрсетілген мерзім ішінде 11 нысандағы заң бұзушылықтар жойылмаған. Бұлардың алтауына қатысты сот шешімі шықты. Сөйтіп «Жадыра», «Строй-март» және «Школьник» сауда үйлерінің қызметі 3 айға тоқтатылып, олардың иелеріне 160-тан 240 мың теңгеге дейін айыппұл салынды. Тағы 5 сауда нысанының ісі сотта қаралып жатыр.

Ерлан Түрегелдиев, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Жанғыш заттар көп болды. Көптеген тауарлар жарылғанда түтін бөлетін, сол арқылы улы заттар шығаратын қасиетке ие. Ал негізгі олқылықтар эвакуациялық жолдардың жабық болуы, өрт сөндіретін құралдардың дұрыс жұмыс істемеуі, ішкі және сыртқы өртке қарсы су шашатын көздердің бекітіліп қалуы.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да құтқарушылар суға кеткен 7 адамды іздестіріп жатыр Қостанай облысында цифрлық сауаттылығын арттыруға ұмтылатын зейнеткерлер көп »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы