369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы балықшылар жарысына қыз-келіншектер де қатысты

  • 156
  • UPD: 17:38, 30.07.2018
Петропавлдағы балықшылар жарысына қыз-келіншектер де қатысты

Петропавлда әуесқой балықшылар қармақ салудан өзара мықтыны анықтады.

Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған сайысқа Солтүстік Қазақстан, Жамбыл  және Ресейдің Омбы облысынан 30 азамат қатысты. Уақыттарын тиімді өткізуге келгендердің қатарында қыз-келіншектер де бар. Байқау ережесіне сәйкес олар командалық және жекелей сында өнер көрсетті. Үш сағат уақыт ішінде қармақшылар бір центнерден астам су маржанын ұстады. Ал аспаздар болса ашық аспан астында 350 келіге жуық балық сорпасын әзірлеп, демалушыларға тегін үлестірді. Осылайша қармақшылар мен қала тұрғындары «Мөңке балық» күнін ерекше атап өтті.

Наталья Грин, балықшы:

- Балық аулауға жастайымнан әуестендім. Мұнда келгенде кәдімгідей демалып қаламын. Сондықтан бұл ермекті әйел мен еркектер арасында бөліп жаруға болмайды. Бастысы – жеңіс емес, жарысқа қатысып, уақыттымызды тиімді өткізу.

Осы категория бойынша: « Үкіметтік емес ұйымдарға 15 аталым бойынша сыйақы беріледі Қарағанды облысында жөндеу көрмеген тұрғын үй тұрғындарды әбігерге салды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы