374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде онлайн тіркеу жүйесі іске қосылды

  • 191
  • UPD: 21:27, 30.07.2018
Елімізде онлайн тіркеу жүйесі іске қосылды

Елімізде уақытша және тұрақты тіркеуге тұрудың қиындығы жоқ. 

Өйткені онлайн арқылы тіркеу жүйесі жүзеге аса бастады. Бұдан былай тұратын үйіңе немесе пәтеріңе тіркелу немесе біреуді тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Бар болғаны электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. Сонымен қатар үй иесі тіркеу барысын қашықтықтан бақылай алады. «Мұндай жүйе заңсыз тіркелушілерге жол бермейді», – дейді мамандар. Ал электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Өткен жарты жылда Алматыдағы әр Халыққа қызмет көрсету орталығы электрондық жүйе арқылы орташа есеппен 15 мыңнан аса адамды тіркеген. Оның үштен бірі уақытша тіркелгендер. 

Саида Бахиева, Медеу аудандық ХҚКО жетекші маманы:
- Мысалы, үйдің иесі және ол үйге тіркеліп жатқан адамдар екеуі екі қалада болуы мүмкін. Мысалы, үйдің иесі Астанада, тіркелетін адам Алматыда болса, олар екі қалада ЭЦҚ арқылы үйінде немесе ХҚКО-да тіркеле алады.

Осы категория бойынша: « Мүлік сатқандар зейнетақы жарнасын төлей ме? Жайық өзенінің экологиясын қорғауға арналған еларалық комиссия құрылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы