374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 30 мың гектардан астам суармалы жер игерілмей жатыр

  • 263
  • UPD: 07:13, 31.07.2018
ШҚО-да 30 мың гектардан астам суармалы жер игерілмей жатыр

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттен қыруар қаражат жұмсалып, қайта жаңартылған су қоймалары мен арналар тиімділігін көрсете алмай отыр.

Тиісті инфрақұрылымдар күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілсе де 30 мың гектардан астам суармалы жер әлі күнге игерілмей жатыр. Бұл республикадағы ең төмен көрсеткіш. Мәселен, Үржар ауданындағы Егінсу су қоймасын қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 1 миллиард 723 миллион теңге жұмсалған. Жоспар бойынша 2700 гектар суармалы жер игерілу керек болса, бүгінгі күні айналымға тек 440 гектары ғана еніп отыр. Су ресурстары комитетінің өкілдері аймақтағы өзекті мәселелерге арналған жиында тыҒырықтан шығудың жолдарын қарастырды. Болашақта аудан әкімдіктері мен шаруа қожалықтарының жауапкершіліктерін арттыратын жаңа құқықтық тетіктер енгізу  көзделіп отыр.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:

- Осы 4 жылдың көлемінде Шығыс Қазақстан облысына дерлік 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ал пайдаланылуға тиісті жердің 14-15 пайызы, ары кетсе 20 пайыздан аспайтын жер пайдаланылып, қалған 80 пайызы, 30 мың гектардан астам жер пайдаланылмай жатыр. Біз бірлесе, облыс әкімдікігімен бірлесе отырып, келесі жылғы егістік сезонына дейін бұл кемшіліктердің бәрін орнына келтіреміз деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Елімізде дәл егін шаруашылығы сынақтан өткізіліп жатыр Қызылордада апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары күн сайын жанын шүберекке түйіп жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы