365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы «Жеңіс» саябағы қалыпқа келтіріліп жатыр

  • 222
  • UPD: 08:54, 31.07.2018

Ақтаудың көрнекті орындарының бірі «Жеңіс» саябағы қалпына келтіріліп жатыр.

Осы мақсатқа шетелдік инвестор есебінен 360 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жөндеу жұмыстары «Мәңгілік алау» мемориалынан бастап, «ұшақ» макетіне дейінгі 10 мың шаршы метр жерді қамтиды. Бірер айдан соң мұнда демалыс орындары, жаяу жүргінші жолдары салынып, көше шамдары жаңарады. Жобаға жауапты мамандар құрылысты күзде аяқтауға уәде беріп отыр. 

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Жеңіс саябағының қырланған кеспе тастар төселген ішкі жолы, сондай-ақ, орындықтар мен урналар толық жаңарады. «Мәңгілік алау» жанындағы батырларға арнап салынған қабырға тіреулерінің сырты ауыстырылады. «Ұшақ» макеті жанындағы тас басқыштарды қайта төсеп, жиегіне сүйеніш қанаты бар пандустар қоюды көздеп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Ақтау көшелеріне қуат үнемдегіш шамдар қойылады ШҚО-да табиғатты ластаған кәсіпорындарға қомақты айыппұл салынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы