374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастады

  • 201
  • UPD: 09:50, 31.07.2018
Таразда мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастады

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты өз жұмысын бастады.

Ендігі жерде құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын соттың рұқсатымен ғана бастайды. Мамандандырылған тергеу сотының ашылуы сотқа дейінгі тергеу амалдарын қатаң бақылауға алады. Бұған дейін бұл орган қызметінің заңдылығын прокурор қадағаласа, енді тергеуші судья ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын болады. Сонымен қатар жария етілмеген тергеу амалдарын жүргізу үшін тергеуші сот санкция береді. Биыл облыстың тергеу судьяларына екі мыңға жуық өтініш хаттар мен ұсыныстар келіп түскен. Оның 1960-қа жуығы қаралып, шешім қабылданды. 

Жамбыл Жұмабеков, қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы:

- ҚР процессуалдық кодексының 55 бабында көзделген, тергеу судьясы ол заңдылық жағын қарайды, заңды ма мынау алып келгені, күдіктіні алып келгені санкция беріп жатқаны.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да табиғатты ластаған кәсіпорындарға қомақты айыппұл салынды Арқалықты жылумен қамтамасыз ету бюджеттен едәуір қаржыны қажет етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы