374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда тауда адасқандар табылды

  • 173
  • UPD: 12:33, 31.07.2018
Өзбекстанда тауда адасқандар табылды

Өзбекстанда тауға шығып, адасып кеткендер табылды.

Белгілі болғандай бір топ азамат жексенбі күні Шымған тауларына саяхаттап қайтпақ болып, сапарға шыққан.  Қою қараңғылықтан олар қайтар жолдарын таппай, адасып қалған. Ташкент облыстық төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөліміне олардың жақындары қоңырау шалып, көмек сұрады. Оқиға орнына шұғыл жеткен «Чим-ган» құтқару тобы таулы аумақта іздеу жұмыстарын жүргізген. Оларды 12 сағаттан кейін барып, таң ата тауып алған. Құтқарушылар туристік топ мүшелеріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп,  таудан түсіріп алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы категория бойынша: « Арқалықты жылумен қамтамасыз ету бюджеттен едәуір қаржыны қажет етеді Жамбыл облысында теміржол апаты кесірінен жолаушылар пойызы кешігіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы