364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында теміржол апаты кесірінен жолаушылар пойызы кешігіп жатыр

  • 530
  • UPD: 15:31, 31.07.2018

Жамбыл облысында 5 жолаушылар пойызы межелі бекеттеріне кешігіп жатыр.

Бұған таңғы 08:05-те орын алған төтенше жағдай себеп болған.

Қырмызы Молдабекова, тілші:

- Осы уақытта өңірде 5 жолаушылар пойызы сапырын жалғастыра алмай жоспарлы уақытынан кешігіп жатқаны рас. Бұл туралы бізге ақпарат берген Жамбыл облыстық теміржол бөлімшесінің бас инженері Анатолий Ким растады. «Қазақстан Темір жолы» компаниясының хабарлауынша,  Қашкентеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ аумағында келе жатқанда жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Абырой болғанда, адам шығыны тіркелмеген. Қазір Шу және Сарышаған стансаларында пойызды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар кешкі сағат 6-да барлық қозғалыс ашылады деп отыр. Содан кейін оқиғаға не себеп болғаны тексерілетін болады.

Осы категория бойынша: « Өзбекстанда тауда адасқандар табылды Биыл еліміздегі сайттарға 100-ден астам хакерлік шабуыл жасалған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы