365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайдағы жеке кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып отырған

  • 336
  • UPD: 14:37, 31.07.2018
Бурабайдағы жеке кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып отырған

Бурабайда көптеген жеке кәсіпкерлердің салықтан жалтарып отырғаны анықталды. Бұған облыстық кірістер департаментінің мамандары көз жеткізген.

Салықшылардың мәліметіне сүйенсек, күнделікті табысымыз 33 мың теңге деп көрсеткен дәмхананың демалыс және мереке күндердегі тапқан нәпақасы 350 мың теңгеге жетіп отырған. Ал салықты 10 есе төмен табыспен төлеген. Қонақүйлерде де осындай жағдай. Мәселен, мұндағы нысандардың бірі жарты айдың ішінде 2 жарым млн теңгеге жуық табыс түседі десе, салықшылардың бақылауы барысында аталған қонақүй айналасы 6 күннің ішінде 3 жарым млн теңгеден астам пайда тапқан. Сондай-ақ тексеріс кезінде салық органдарына тіркелмеген бірнеше қоғамдық тамақтану орындары да анықталды. Тіпті кейбір кәсіп иелері арнайы лицензиясы жоқ болса да, алкогольдік өнімдерді саудалап келген. Олардың ісі қазір сотқа жолданды. Ал табысын төмен көрсетіп, салықты аз төлегендерге тек ескерту ғана жасалмақ.

Бауыржан Шәйкенов, облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Олар енді өздері өз көңілімен келешегінде көрсетуге тиісті, мысалы. Оған қазір ешқандай айып жоқ. 30 мың дедік ғой, көрсеткенбіз дегенде. Енді 300 мың күніне. Бір ай отырсақ, 60 млн болады. Сонда ол бір жылдың төлеген салығын бір айдың ішінде төлеп шығады. Сол міне айып сонда.

Осы категория бойынша: « Биыл еліміздегі сайттарға 100-ден астам хакерлік шабуыл жасалған Қырғызстанда құтқарылған қазақстандықтар елге жеткізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы