370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда құтқарылған қазақстандықтар елге жеткізіледі

  • 140
  • UPD: 16:31, 31.07.2018
Қырғызстанда құтқарылған қазақстандықтар елге жеткізіледі

Қырғызстан тауларында қалып қойған туристерді эвакуациялау операциясы аяқталды.

Енді олар елге жеткізіледі. Қазір туристерді тасымалдайтын әуе көлігіне құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше Бішкек қаласынан 40 шақырымдай жерде, Скрябин мұздығы ауданында бір топ саяхатшылар таудан құлаған тастардың астында қалып қойған еді. Салдарынан 3 қазақстандық азамат жарақат алып, біреуі опат болды. Қаза тапқан 42 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Алдын ала дерек бойынша, тастың құлауына жер дүмпуі себеп болған.

Осы категория бойынша: « Бурабайдағы жеке кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып отырған Ақтауда кідіріп қалған жолаушылар Анталияға бүгін ұшады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы