365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында пойыздар тоқтап тұр

  • 228
  • UPD: 17:12, 31.07.2018
Жамбыл облысында пойыздар тоқтап тұр

Жамбыл облысында теміржолдағы апатты қайта келтіру жұмыстары жүруде.

Жергілікті теміржол бөлімшесі мамандарының айтуынша, 3024 жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр. Қазір оларға далалық асүй ұйымдастырылған. Оқиға бүгін Мойынты-Шығанақ учаскесінде Қашқантеңіз-Жастар өткелінде орын алған болатын. Мұнда жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кеткен. Қазір Шу және Сарышаған стансаларында пойызды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. «Қазақстан Темір жолы» ҰК осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрып, оқиғаның себеп-салдары анықтауда. Осы уақытта өңірде 5 жолаушылар пойызы сапарын жалғастыра алмай, жоспарлы уақытынан кешігуде. Оның ішінде №086 пойыз жолаушылары да бар, олар Шығанақта таңғы сегізден бері тұр.

Шымкент – Астана, пойызының жолаушысы:

- Сағат таңғы сегізден бері Шығанақ стансасында тұрмыз, тамақтарымыз бар, бірақ қазір ел-жұртқа ауызсу таратып жатыр, одан кейін адамдарға нан беріп жатыр, жақын жердегі әскери бөлімнен ыстық тамақ береміз деп жатыр.

Осы категория бойынша: « Ақтауда кідіріп қалған жолаушылар Анталияға бүгін ұшады Қызылордада жәбір көрген қыз баланың жағдайы түзеліп келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы