364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бурабайда салықты 10 есе төмен табыспен төлеп келген кәсіпкерлер анықталды

  • 162
  • UPD: 17:18, 31.07.2018
Бурабайда салықты 10 есе төмен табыспен төлеп келген кәсіпкерлер анықталды

Бурабайда көптеген жеке кәсіпкерлердің салықтан жалтарып отырғаны анықталды.

Бұған облыстық Кірістер департаментінің мамандары көз жеткізген. Салықшылардың мәліметіне сүйенсек, күнделікті табысымыз 33 мың теңге деп көрсеткен дәмхананың демалыс және мереке күндердегі тапқан нәпақасы 350 мың теңгеге жетіп отырған. Ал салықты 10 есе төмен табыспен төлеген. Қонақүйлерде де осындай жағдай. Мәселен, мұндағы нысандардың бірі жарты айдың ішінде 2,5 млн теңгеге жуық табыс түседі десе, салықшылардың бақылауы барысында аталған қонақүй айналасы 6 күннің ішінде-ақ 3,5 млн теңгеден астам пайда тапқан. Сондай-ақ тексеріс кезінде салық органдарына тіркелмеген бірнеше қоғамдық тамақтану орындары да анықталды. Тіпті, кейбір кәсіп иелері арнайы лицензиясы жоқ болса да, алкогольдік өнімдерді саудалап келген. Олардың ісі қазір сотқа жолданды. Ал табысын төмен көрсетіп, салықты аз төлегендерге тек ескерту ғана жасалмақ.  

Бауыржан Шәйкенов, облыстық Кірістер департаменті басшысының орынбасары:

- Олар өздері көрсетуге тиіс. Оған қазір ешқандай айып жоқ. 30 мың деген, 300 мың күніне. Бір ай отырсақ, 60 млн болады. Сонда ол бір жылдың төлеген салығын бір айдың ішінде төлеп шығады. Айып солай шығады.

Осы категория бойынша: « Қызылордада жәбір көрген қыз баланың жағдайы түзеліп келеді Қарағанды облысында қаңыраған үйлер қауіпке айналды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы