368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе су қоймасында балықтар қырылып қалды

  • 200
  • UPD: 21:18, 31.07.2018
Ақтөбе су қоймасында балықтар қырылып қалды

Жергілікті тұрғындар судың жағасына шығып қалған елуге жуық ұзындығы 10-15 сантиметр болатын таутан балығын тауып алған.

Жағалауды зерттеген мамандар су жәндігі оттегінің аздығынан қырылып қалуы мүмкін деп отыр. Өйткені күн ыстықта балдырлар көптеп өседі. Нәтижесінде көл бетін жайлап, судың оттегімен баюына кедергі келтіреді. Дегенмен нақты жауап тиісті зертханалық жұмыстар аяқталған соң белгілі болады. Әзірге су мен балық сынамалары алынған. Басқа да өзен-көлдер тексеріліп жатыр.

Нұрболат Дүйсенов, облыстық балық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қорықшы қызметі жалғыз Ақтөбе су қоймасын ғана емес, біздің инспекция тарапынан бекітілген-бекітілмеген су айдындарын күнде-күнде тексеріп жатыр. Ешқандай өлік табылмады.

Осы категория бойынша: « Қырғызстандағы табиғи апаттан зардап шеккендер ем қабылдайды Бас прокуратура М.Әблязовты жауап алу үшін Астанаға шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы