365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында электрондық сауат ашу дәрістері 4 бағыт бойынша жүргізіледі

  • 208
  • UPD: 21:39, 31.07.2018
Қарағанды облысында электрондық сауат ашу дәрістері 4 бағыт бойынша жүргізіледі

Қарағанды облысында цифрлық сауаттылыққа үйрету курстары белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Мысалы, Абай қаласында мыңнан астам адам осындай курсты оқып шықты. Маусым айында бастау алған шараға 5 мыңға жуық адам өтініш білдіріп, олар күзге дейін толық қабылданады. Электрондық сауат ашу дәрістері 4 бағыт бойынша жүргізіледі.

Айта кету керек, 4 күндік курсты оқып шыққан әр азамат электронды үкімет және электронды мемлекет, базалық цифрлық дағдылар, ашық үкімет пен электронды сауда сынды бағыттарды толық меңгеріп шыға алады.

Саягүл Балтабаева, Абай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

- Адамдар жоғары белсенділік танытып жатыр, оқытушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде осы аталмыш курстарды ұйымдастыру халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтеруге көп үлес қосқанына көзіміз жетті. Халықтың электрондық жүйемен жұмыс істеуіне, порталдармен жұмыс істеуіне көп үлесін тигізді.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысының Созақ ауданында 34,7 шақырым жол жөндеуден өтеді «АрМИ-2018»: Қазақстан құрамасы әзірге үшінші орында келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы