374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік оқушылар Сарыарқа өлкесінің тарихымен танысты

  • 139
  • UPD: 08:37, 01.08.2018

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Өлкетану» акциясы барысында 60-тан астам ақтөбелік оқушы үш күн ішінде Қарағанды облысының тарихи жерлерін аралады.

Бұл саяхат ақтөбелік балалар үшін өте әсерлі. Өйткені олар кітап, ғаламтор арқылы біліп, естіп жүрген Арқа жерін өз көздерімен көрді. Жас саяхатшылар алдымен Теміртау қаласындағы Елбасының алғаш еңбек жолын бастаған кәсіпорынмен танысты.

Айсу Алдыбергенова, мектеп психологы /Ақтөбе қаласы/

– Балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Кездесу жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осындай танымды кездесулер жалғасын тауып, дәстүрге айналады деген сенімдемін.

Саяхатшы балалар металлургтер қаласындағы орталық және қысқы бақты аралап шықты. Жоғары күмбез астында банан, лимон, құрма, анар, зәйтүн және інжір ағаштары өсіп тұр. 25 жылдық тарихы бар бұл ерекше бақ – аймағымыздың көрнекті орындарының бірі.

БЛИЦ:

– Бүгін біз Теміртау қаласының көптеген жеріне экскурсияда болдық. Өте әдемі екен. Алғаш рет Қарағандыға келгеннен кейін толығымен көріп кетсем деп ойлаймын. Өйткені мұнда келу әркімге бұйырады бермейді.

– Саябақтың ауасы таза, маған қатты ұнады. Әсіресе, ағаштары әдемі.

Ақтөбелік балалар «Өлкетану» акциясы аясында Қарқаралы аймағымен де танысты. Сондай ақ Шахтинск қаласының маңында орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мұражайында болды. Айта кету керек, 15 тамыз күні 40-қа жуық қарағандылық балалар Ақтөбе облысының тарихымен танысуға жол тартады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Аслан Демесбаев

Осы категория бойынша: « Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне көне сандық тарту етілді Ақтаудан Анталияға ұшатын әуе рейсі қайта жалғасты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы