374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады

  • 247
  • UPD: 10:57, 01.08.2018
Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінде төрт ресейлікті ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 2018 жылдың 1 тамызында сағат 02.50-де теңіз шекарашылары Каспий теңізін шолып жүріп, 44˚25′ солтүстік ендік пен 50˚00′ шығыс бойлығының аумағында қос «Ямаха» моторлы «Байда» типтес жылдам жүзетін шағын жүзу құралын кезіктірді. Қараңғыны қақ жарып, кенеттен пайда болған теңіз шекарашыларының катерін байқап қалған «Байда» қашуға бет алған кезде оны тоқтату үшін шекарашылардың, ескерту ретінде аспанға оқ атуына тура келді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, шекара бұзушыларға зәкірді тастап, қолдарын көтеруге тура келген. Қайықта отырған 4 адамның барлығы да Ресей азаматтары болып шыққан. Екеуі 52 жаста, біреуі 36 жаста, ал біреуі 20 жаста.

«Қайықтан 200 литр ауызсу, қосымша баллонымен газ плита, азық-түлік пен қосалқы бөлшектер табылғанына қарағанда олар теңізде ұзағырақ жүреміз деп үміттенген болуы керек. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводағылар.

Осы категория бойынша: « Ақтаудан Анталияға ұшатын әуе рейсі қайта жалғасты Алматыдан 274 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы