374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 35 мың гектар егін алқабы есептен шығарылмақ

  • 194
  • UPD: 14:10, 01.08.2018

Батыс Қазақстан облысында 285 мың гектарға дәнді дақылдар егілсе, күні бүгін күздік бидай алқаптарының 46 пайызы орылды.

Орташа өнім гектарына 11 центнерден келуде. Алайда егіннің түсімі барлық жерде бірдей емес. Жедел мәліметтер бойынша күздік бидайдың 14, жаздық бидайдың 21 мың гектары есептен шығаруға жатады. «Жаздық бидайға әлі орақ түспегендіктен, оруға жарамсыз егіс көлемі әлі көбеюі мүмкін», – дейді мамандар. Жаздың басындағы салқындық пен артынша күннің күрт ысуы, жауын-шашынның болмауы салдарынан бидай биыл бой көтере алмады. Дегенмен есептен шығарылған егін үшін шаруалардың басым бөлігі өтемақы ала алмайды. Себебі егістің тек үштен бірі ғана сақтандырылған.

Алдияр Халелов, Тасқала ауданының әкімі:

– Былтырмен салыстырғанда, өте төмен. Бұған күзде жауынның болмауы, ылғалдың болмауы себеп. Бірақ егінді жинап алуымыз керек. Қазір осы егілген 4900 гектардың 1300 гектары есептен шығарылып жатыр. Өйткені егін шықпай қалды.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда әлем бойынша алғаш рет бір адамның жүрегі екі рет ауыстырылды Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыз жолаушыларына қанша өтемақы төленеді? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы