365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакуде «Теңіз кубогы-2018» байқауы басталды

  • 171
Бакуде «Теңіз кубогы-2018» байқауы басталды

Халықаралық әскери ойындар аясында Бакуде «Теңіз кубогы-2018» байқауы басталды.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Иран елдерінің құрамалары таныстырылды. 11 тамызға дейін теңізшілер түрлі әскери оқу-жаттығулар бойынша бақ сынайды. Жеребе тастау нәтижесі бойынша қазақстандық «Маңғыстау» әскери кемесі бірінші кезеңдегі тапсырманы екінші болып орындайды. Өткен жылы Каспий маңы елдері теңіз кубогында екі кемемен өнер көрсетсе, биыл әр команда тапсырманы бір ғана әскери қайықпен орындайтын болады.

Қанат Ниязбеков, бірінші дәрежелі капитан /Қазақстан/

– 2015 жылдан бері байқауға тек отандық өндірушілердің кемелерімен қатысып келеміз. Қазақстанда жасалған қайықтардың сапасы мықты, яғни осындай үлкен сайыстарда бақ сынауға болады. Сол себепті өз елімізде жарыс ұйымдастырдық. Іріктеуден өткендерді Бакуге әкелдік. 

Субхан Бекиров, бірінші дәрежелі капитан /Әзербайжан/

– «Теңіз кубогы-2018» байқауының басты мақсаты – достық қарым-қатынасты нығайту, Каспий маңы елдері арасында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Биылғы жарысқа Әзербайжан Республикасының Әскери-теңіз күштері, Ресей Федерациясының Каспий Флотилиясы, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері және Иран Ислам Республикасының Әскери-теңіз флоты құрамасы қатысып жатыр.

Осы категория бойынша: « Оралда тегін жағажайдың жоқтығы оқыс оқиғалардың жиілеуіне себеп болуда Алматы облысының қысқа дайындық жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы