365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ашық есік күнін ұйымдастырды

  • 229
  • UPD: 15:27, 01.08.2018

Батыс Қазақстан облысында полиция және сот қызметкерлері, заңгерлер мен медиаторлар бірлесе отырып, азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдады.

Сонымен қатар тұрғындар қала әкімшілігі өкілдерінің де қабылдауында болып, түйткілді мәселелерді ортаға салды. Олар құрылыс, жер қатынастары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өз сұрақтарына жауап алды. Жалпы алғанда, мұндай бірлескен шара ұйымдастыру көптен бері тәжірибеге енгізілгенімен, халыққа қызмет көрсету орталығында алғаш рет өткізіліп отыр.

Бауыржан Ахметжан, облыстық прокурордың аға көмекшісі:

– Көбіне азаматтардың прокуратура органдарына жолығатын себептері – жер заңнамасы сұрақтары бойынша, еңбек даулары, еңбек заңнамасының бұзылуы және сот шешімдерінің орындалмауы.

Осы категория бойынша: « Алматы облысының қысқа дайындық жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді eGov.kz порталында 18 түрлі жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы