374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында болған апаттың шығынын вагондардың иесі өтейді

  • 225
  • UPD: 17:23, 01.08.2018

Жамбыл облысындағы Мойынты-Шығанақ аумағында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуінен келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Төтенше жағдайға «Исткомтранс» ЖШС-не қарасты 28-вагонның бүйір рамасы сынып кетуі себеп болған.  Бұл вагондар 2009 жылы шығарылған. Белгілі болғандай, соңғы 10 жылда аталған кәсіпорын шығарған вагондардың рельстен шығып кетуі бойынша 14 оқиға тіркелген. Ал 2015 жылы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ бұл бүйір рамаларын қолданыстан алып тастау туралы шешім қабылдаған. Шешімге құлақ аспаған жүк вагондарының иесі енді заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды өтеуі тиіс. Қазір осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Осы категория бойынша: « «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсерігі дөрекі қылығы үшін жазаланды Бурабайдағы полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы