369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық ғалымдар сутегі газын өндіруге дайындалып жатыр

  • 201
  • UPD: 18:06, 01.08.2018

Елімізде мұнай өңделгеннен кейін күкірт сутегі көп мөлшерде қалдық күйінде қалып, айналаны ластап барады.

Сондықтан сутегі газын пайдаға жарату өзекті. Қазір осы бағытта Назарбаев Университетінің стундеттері ғылыми жұмыстармен айналысып жатыр. Яғни алдағы уақытта сутегі газы отын ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Әңгімені әріден бастайық. Атырау облысындағы мұнай-газ өндіретін кәсіпорынның маңында «Сарықамыс» аталатын бүтін бір ауыл орналасқан еді бір кезде. Әлгі жердің ауасына күкірт таралып, маңайдағы тұрғындарға қауіп төнгені бар. Содан аталған ауыл халқын өзге жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Себебі сульфит атмосфераға жайылса, тері ауруларын туғызады. Жалпы мұнай екіге бөлінеді. Бірінде күкірті көп, екіншісінде аз. Егер мұнайдың құрамында күкіртсутегі 0,5 пайыздан жоғары болса, бұл жақсы емес. Осыны ескерген Назарбаев университетінің студенттері енді күкіртті пайдаға жарату мәселесімен айналысып жатыр.

Дәулет Айтымбаев, Назарбаев Университетінің студенті:

- Қазақстандағы мұнай өндіретін орындарда күкірт 0,5 пайыздан жоғары болып табылады. Сондықтан біз осы мәселені шешу үшін осындай шешімге келдік. Егер күкірті көп болса, мұнайдың өзін өңдеу қиынға соғады біріншіден. Екіншіден, бағасы, сапасы төменірек болады. 

Елімізде күкірт өңделмейді емес. Бірақ бұл жастар сульфитті өзге тәсілмен кәдеге жаратпақ.

Айдана Төлешова, Назарбаев университетінің студенті:

- Мына жерде біздің цана бактерияларымыз өсіп жатыр. Осы жерден біз гендік матификация жасаймыз. Гендік матификацияны трансформация реакциясымен өткіземіз. Одан кейін гендарді қосамыз. Біз қалаған гендар ол мұнайды күкірттен тазалайтын гендар. Біз мұнайды ішіне қоспаймыз. Біз мұнайдың қалдықтарын ішіне қосып, күкіртті сутегінен тазалаймыз.

Қазір тек тәжірибе. Ғылыми жұмыстың нақты нәтижесі қазан айында белгілі болады. Сол кезде студенттер АҚШ-қа аттанып, синтетикалық биология тақырыбымен өтетін байқауға қатысады. Осы тың жобаларын мұхиттың арғы бетінде көпшілікке таныстырады. Барлығы нәтижелі болса, елдегі мұнай-газ өңдейтін кәсіпорындарға осы ғылыми тәжірибені енгізу көзделіп отыр. Бұл дегеніңіз алдағы уақытта сутегі газынан отын өндірілуі мүмкін.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Аят Дүйсембаев

Осы категория бойынша: « Елімізде әлем бойынша алғаш рет жасанды жүректің орнына донор жүрегі салынды Алматыда гепатит вирусын жұқтырғандар саны артып барады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы