365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда мамандандырылған тергеу соты құрылды

  • 265
Ақтауда мамандандырылған тергеу соты құрылды

«100 нақты қадам: Ұлт жоспарында» көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында облыстық сот ғимаратында арнайы кабинет жасақталған.

Мұнда 2 тергеу судьясы мен 6 сот қызметкері жұмыс істейді. Жаңа заңнамаға сәйкес өкілеттігі артқан мамандар қазір 6 бірдей деректі қолға алған. Олар сотқа дейінгі тексеру өндірісіне қатысты қылмыстық істі қарап, жасырын тергеу әрекеттеріне санкция береді. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға қатысты шағым бойынша тексеру жүргізеді.

Бауыржан Елемесов, мамандандырылған тергеу сотының төрағасы:

- Бұрын бұл саладағы жұмыс аудандық соттарда қаралып келді. Енді тек жасырын тергеу әрекеттеріне пәрмен тек облыс орталығында, Ақтау қалалық сотында беріледі. Бірақ, аудандық соттардағы судьялар да бұлтартпау шарасына қатысты санкцияларын бере береді.

Осы категория бойынша: « «National Geograpic Qazaqstan» журналының қызметкерлері СҚО-ға барды Ұлын ұрып тастап кеткен әке неліктен мұндай әрекетке барғанын айтып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы