374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан таза ауызсумен 93% қамтылған

  • 370
  • UPD: 08:53, 02.08.2018

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері Түркістан қаласының инфрақұрылымын жүргізуге 21 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Дегенмен шаһар халқының таза ауызсумен қамтылу деңгейі әзірге 93 пайыз ғана. Бастапқыда Түркістанның су жүйесі бар-жоғы 153 шақырымды құраса, қазір 1000 шақырымнан асады. Қалада жалпы 1365 көше бар, қазір соның 875-іне ауызсу құбыры тартылған. Шаһар тұрғындары 2-3 жылдан бері сарқынды су жүйесін де пайдаланып келеді. Ол үшін арнайы ағынды суларды тазарту қондырғысы қойылған ғимарат салынды. Түркістан қаласында, орталықты қоса алғанда, 36 елді мекен бар. Қазіргі уақытта «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 24 ауыл-аймақ орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал 2 ауылда ескі ауызсу жүйесі қолданылады. Сонымен қатар биыл таза ауызсу бармаған Түркістанға қарасты 8 елді мекенге қаржы бөлінді. Оның ішінде 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Әзірге 3 ауылда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 3 елді мекеннің ауызсу жүйесі енді қолға алынады. Бұл ауылдардың көбі жер асты суын, яғни құдықтардан ашық су көздерін пайдаланып келген.

Әліпбек Өсербаев, қала әкімі:

- Қазіргі таңда 8 нысанға су жүйесін жүргізіп жатыр, олар ауыл округтерінде. Қаланың өзінде 93 пайыздан асты. Биыл толығымен бітірсек, 100 пайыз қамтуға мүмкіндік бар. Енді тек газдандыру мәселесін толығымен шешсек, қалғандары шешіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Полиция телефонға жүктеуге арналған күдікті бағдарламалар туралы ескертті Таразда сыртқы жарық жаңартылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы