369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық құтқарушылар тауда қалған атыраулық туристерді құтқарды

  • 200
  • UPD: 13:34, 02.08.2018
Түркістандық құтқарушылар тауда қалған атыраулық туристерді құтқарды

Түркістан облысының тау бөктерлі Төлеби ауданында екі турист құтқарылды.

31 шілдеде сағат 15:55-те шұғыл кезекшілік бөлімге Төлеби ауданы Біркөлік ауылынан хабарлама келіп түскен. Ол жерде Атырау қаласының 1996 және 1999 жылдары туылған екі турист азаматы Біркөлік шатқалындағы тауға шығып, өздігінен түсе алмайтындығы туралы айтылған еді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы шығып, сағат 17:50-де оқиға орнына жетіп, сол мезетте адамдарды құтқаруға кірісті. «Рой» атты іздестіру итінің көмегімен тез арада маршрут табылып, кешкі сағат 20:00-де құтқарушылар аман-есен құздан туристерді түсірді. Жас жігіттердің хал-жағдайы қанағаттанарлық болып, медициналық көмекті қажет етпеді.

Жылдың басынан бұл – таудағы 4-оқиға, 6 адам құтқарылып, оның ішінде 2 бала болған, оларға дәрігерлік алдын көмек көрсетілген.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Осы категория бойынша: « Жемқорлық жайлы ақпарат бергендер 12 миллион теңге сыйақы алды Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы