369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада балабақшаларға заңсыз дотация төленген

  • 201
  • UPD: 15:37, 02.08.2018

Қызылордада жекеменшік балабақшалар мемлекетке 57 миллион теңге шығын келтірді.

Облыс прокурорлары мемлекеттік тапсырысты орналастырғаны үшін бөбекжайларға дотация бөлу мен игеру кезінде бірқатар заңбұзушылыққа жол берілгенін анықтады. Мысалы, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің иелері жалған сенімхаттар жасатып, тәрбиеленушілер санын арттыру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балаларды өздерінің балабақшаларына ауыстырып отырған. Осы схеманы қолданған балабақша меңгерушілері мемлекеттен заңсыз қаржы алып отырған. Әлеуметтік саладағы аталған деректер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  

Шыңғыс Есжанов, облыстық прокуратура басқармаcының аға прокуроры:

- Жалпы тексеру кезеңі 2016-2017 жылдарды қамтыған. Қазіргі таңда 9 қылмыстық іс 9 балабақшада орын алып тұр. Бұл бірден талдау нәтижесімен анықталған, Бас прокуратура келісімімен жүргізілген. Бұл балабақшаларға қатысты тексеру емес, тексеру қалалық білім бөліміне жүргізілгенін атап өтеміз.

Осы категория бойынша: « Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті Қызылорда облысында 67 шаруашылық баламалы энергия көзін пайдаланып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы