369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда «Теңіз - 2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығу басталды

  • 334
  • UPD: 20:02, 02.08.2018

Ақтауда «Теңіз - 2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Екі кезеңнен тұратын шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей мен Түрікменстан елдерінің құтқарушылары қатысуда. Көзделген мақсат – Каспийде төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою. Жаттығудың алғашқы күні Ақтау теңіз портында жедел штаб құрылды. Мұнда төрт мемлекеттің арнайы қызмет бөлімдерінің бірлескен іс-әрекеті үйлестіріліп отырады. Ал ертең Түпқараған ауданындағы Баутино айлағында шұғыл құтқару шаралары өтеді. Мамандар кемелер соқтығысуынан және зілзаладан зардап шеккендерді іздеу, медициналық көмек көрсетіп, құрлыққа жеткізу амалдарын пысықтайды.

Бекболат Әбдікәдіров, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

– Жаттығулар Каспий теңізінде шұғыл алдын алу және әрекет ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүзеге асады. Барлығы 500-ден астам қызметкеер, шамамен 75 арнайы техника, БЕ-200 ұшағы және 6 тікұшақ, сондай-ақ 4 бірлік теңіз кемелері мен 7 бірлік құтқару қайықтары бар.

Максим Максименко, РФ ТЖМ арнайы өрт күзеті және күштер дайындығы департаментінің директоры:

– Ресейлік құтқарушылар Каспийде өтетін халықаралық кешенді оқу-жаттығу шараларына тұрақты қатысып келеді. Бұл тұрғыдан жинақтаған тәжірибеміз мол. Бұл жолы да әріптестерімізбен біліктілік алмасып, өзара іс-қимыл әрекеттерін жетілдіруге басымдық береміз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысы қазына қаржысын ысырап еткен Астанада қола мүсінді қолды қылған ұрыға үкім шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы