374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үш күннің ішінде түсірілген отандық фильм Венеция кинофестиваліне қатысады

  • 290
  • UPD: 23:09, 02.08.2018

Биыл халықаралық Венеция кинофестиваліне қазақстандық режиссерлердің кинотуындысы да қатысады.

Жас режиссер Эльдар Шыбанов түсірген фильм фестиваль ұйымдастырушыларының қызығушылығын оятқан. Жақында арнайы шақырту алған шығармашылық топ Италия төрінде қыскаметражды фильмдер сайысы бойынша сынға түседі.

Қысқаметражды 20 минуттық туынды киноматография саласына тың өзгерістер алып келуі тиіс. Бұл – фестиваль ұйымдастырушыларының «Көкжиек» аталымы бойынша қатысатын фильмдерге қоятын негізгі талабы. Сынға түсетін 11 картина әр мемлекеттен таңдап алынған. Ал қазақстандық режиссер Эльдар Шыбанов халықаралық деңгейдегі фестивальге «А» санаты бойынша қатысады. 

Эльдар Шыбанов, фильм режиссері:

– Бұл аталым бойынша қазақстандық туынды бірінші рет ұсынылып отыр. Әлемдегі ең танымал халықаралық кинофестивальге қатысу біз үшін әрине мәртебе деп білемін.

Режиссердің айтуынша, фильм әйел мен ер арасындағы ашық айтыла бермейтін тақырыпқа негізделген. Небәрі үш актер ғана ойнайтын кинотуынды екі жарым күнде түсірілген. Актерлердің құрамы мен сценарий желісі бас кейіпкерді ойнаған Шыңғыс Капинді бірден қызықтырыпты.

Шыңғыс Капин, актер:

– Мен алғаш сценарийді қолыма алғанда, бірден бұл менің басымнан өткен оқиға деп білдім. Фильмнің атауы да маған қызықты болды. «Секс. Страх и Гамбургер» деп аталады. Мұнда негізінен психологиялық қарым-қатынасты әріптесім, актриса Айсұлу Әзімбаева мен Виктория Мухамеджанова үшеуміз барынша ашуға тырыстық.

Ануар Есіркепов, фильмнің продюсері:

– Фильмді «Ардепартмент» студиясында түсірдік. Небәрі 3 күнде түсіріліп бітті. Актерлер құрамы дұрыс таңдап алынған. Фестивальге шақырту хат алғанда қуанышымыз шексіз болды. Енді жеңіспен ораламыз деген үміттемін.

Сценарий авторларының бірі – Юлия Левицская. «Ол үш кейіпкердің басынан өткен оқиғаға жан бітіріп, ерекше көңіл-күйді суреттей білді», – дейді режиссер. Оқиға тек ғимарат ішінде өтеді. Бұл фильмді қазақстандық көрермендер жыл соңында көре алады.

Авторлары: Индира Оразалинова, Қанат Қаматаев

Осы категория бойынша: « Алматыдағы «Хабар» агенттігінің ғимараты тарихи-мәдени мұралар тізіміне енеді Түркістандағы құс фабрикасының екінші бөлігі іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы