369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы құс фабрикасының екінші бөлігі іске қосылды

  • 217
  • UPD: 23:32, 02.08.2018

Түркістан қаласында құс шаруашылығының екінші бөлігі іске қосылды.

Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс фабрикасы негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндіреді. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылған. Содан бері 4,4 миллион дана жұмыртқа өндірді. Бұл – Түркістан қаласы тұтынатын жұмыртқаның 30,4 пайызы. Мұнда 12 мың етті және 22 мың жұмыртқа бағытындағы тауық өсіріледі.  Бүгінде Германия мен Голландиядан әкелінген 30 мың тауық бір күнде 27 мың жұмыртқа береді. «Фабрика өнімдері шаһарға сырттан келетін тауық еттерінің орнын алмастырады», – дейді өндіріс орнының басшылығы. Құс шаруашылығының ендігі межесі – өнімді экспорттау.

Хайдар Минкабилов, зоотехник:

– Біз қазіргі таңда қаланың жұмыртқаға деген сұранысының 5-7 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Енді фабриканың екінші кезеңі іске қосылды. Өнім де 15-17 пайызға молаятыны анық. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Қыркүйек айында басқа да тұқымды тауықтарды сатып алу жоспарда бар.

Осы категория бойынша: « Үш күннің ішінде түсірілген отандық фильм Венеция кинофестиваліне қатысады Қостанай тұрғындарының су үшін қарызы 68 млн теңгеден асып кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы