365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жылу маусымына дайындық 70%-ға аяқталды

  • 305
  • UPD: 07:41, 03.08.2018
Оралда жылу маусымына дайындық 70%-ға аяқталды

Орал қаласында жылыту маусымына дайындық 70%-ға аяқталды.

Шаһарда жалпы ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын екі магистральды жылу желісін жаңғырту жүріп жатыр. Бұл мақсатқа  1 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Мамандардың мәлімдеуінше, 20 жылыту қазандығының 11-і қысқа дайын, қалалық жылу электр орталығында барлық жабдықтар ағымдағы жөндеуден өткен. «Жайықжылуқуат» мекемесінің өз есебінен бұл жұмыстарға қосымша 600 миллион теңге жұмсалған. Енді алда 1 мың 200-ге жуық көп қабатты үйді қысқа дайындау жұмыстары күтіп тұр. Барлық әзірлікті қыркүйекте аяқтау көзделген.

Болат Батаев, жылумен қамтушы кәсіпорынның бөлім басшысы:

- Жыл уэлектр орталығын жөндеуге 400 миллион теңге, жылу желілерін жамап-жасқауға, жаңартуға 200 миллион теңге бағыттадық. Қазіргі дайындығымыз 71 пайызды құрайды. Жылу желілері 61 пайызға жөнделді. Жоспарлы 5 шақырым жылу құбырының 5,7 шақырымын жөндедік.

Осы категория бойынша: « Қостанай тұрғындарының су үшін қарызы 68 млн теңгеден асып кеткен Қарағанды облысының шаруалары астық сапасын арттырудың жолын тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы