374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының шаруалары астық сапасын арттырудың жолын тапты

  • 183
  • UPD: 08:16, 03.08.2018

Отандық фермерлер өнім мен астық сапасын арттыру үшін австриялық бактерияларды қолдануда.

Осы орайда  Қазақстанда пайдалы микроағзаларды өсіретін 2 шағын зауыт ашылды. Бұл микроағзалар егін шаруашылығын тиімді дамытуға септігін тигізеді. Алғашқы кәсіпорын Қарағанды облысында орын тепті. Қазір жаңа мекеме халықаралық сертификациялаудан өтіп жатыр.

Орталық Қазақстандағы ірі егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың бірі  экологиялық таза өнім өндіруге бет бұрды. Олар енді егіннің органикалық түрін отырғызумен айналысады. Экоөнімді өндіру үшін шаруашылық  3 гектер жер бөліп, қазір жаңа технологияның әдіс тәсілдерін баптап жатыр. Халықаралық деңгейдегі технологияның арқасында қатты бидай сұрыбын өндірмек.

Павел Лущак, шаруа қожалығының басшысы:

- Биоөнімнің дәмі де ерекше болады. Үйде баптап өсірілген егін сынды. Ол үшін технологияны жіті ұстану керек. Ата-бабамыздан қалған егін дәстүріне көшуіміз керек. Жерді жиірек өңдеп, ешқандай тыңайтқыш қосылмағаны абзал. Тек сонда ғана біз экологиялық таза өнім ала аламыз.

Қазір шаруа қожалығы австриялық технологияны пайдаланып, қажетті бактерияларды көбейтетін шағын зауыт салды. Онда микроағзалар өсірілмек. Осының арқасында  топырақты химиялық препараттармен уландыру тыйылад. Нәтижесінде табиғи таза өнім аламыз дейді мамандар.

Йозф Штайнер, препаратты әзірлеуші:

- Былтыр Қарағанды мен Солтүстік Қазақстанда біз биопрепараттарды сынап көрдік, нәтижесі керемет. Астық пен оның сапасы 15-20 пайызға артты. Біз қолданатын барлық заттар табиғаттан алынған экологиялық таза.

Фермерлер үшін органикалық егін шаруашылығының артықтышылығы мол. Олар өз өнімдерін жоғары бағаға сата алады. Қазір елімізде өндірілетін биотүсім сұранысқа ие болып, экспортқа шығарылып отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Аслан Демесбаев

Осы категория бойынша: « Оралда жылу маусымына дайындық 70%-ға аяқталды Алматыда медиация орталығы ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы