365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда медиация орталығы ашылды

  • 231
  • UPD: 09:04, 03.08.2018
Алматыда медиация орталығы ашылды

Алматыда татуласу орталығы ашылды. Жоғарғы сот пен кәсіподақ федерациясы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сарапшылардың пікірінше, даулы мәселелерді сотқа жеткізбей реттеу тәжірибесі халық арасында сұранысқа ие. Әсіресе еңбек келісімшарттарына қатысты шиеленістер көбірек кездеседі. Қазір осындай қызмет көрсететін кабинеттер университеттер мен өндіріс орындарында ашыла бастаған. Мамандардың пікірінше жаңа қызмет түрі кеңінен насихатталып келеді. Мұнда салалық мамандар кез келген азаматқа тегін кеңес береді.

Нұрғазы Әбдіқанов, Алмалы ауданы сотының төрағасы:

- Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы дау дамауды шешеді. Сотқа дейін өздерініңіз білесіздер, енді салалы мәселені шешеді. Бұл еңбек дауына қатысты болады. Бізде қазір Алматы қаласында, ҚазГуда бар, Қонаев университетінде осындай салалы, ол енді Қазгу мен Қонаев атындағы университетте студенттер арасындағы дау дамайларды немесе студент және оқытушының арасындағы дау дамайларды шешуге өзінің септігін тигізеді дейміз. Тегін медиаторлардың көмегіне және юристердің тағы психологтардың көмегіне жүгінуіне болады.

Жанділда Жақыпов, «Қазақстан медиаторлары қауымдастығының» бас директоры:

- Дауласушыларды басқару сосын олармен бөлек бөлек кездесіп олардың осы дауцдың ішлінде не есептен жүргенін анықтау және оларға максимально көмек беріп сол көмектің арқасында дауласущылар өздерінің сұрақтарын өздері реттеп алады. Біздің орталықта жұмыс істеп жатқан 180 медиатор Қазақстанның түпкір-түпкірінде олар 2017 жылы 3865 бітімгершілік рәсімін аяқтап, 3865 дауда тараптар өз дауларын өз қолдарымен реттеп қарым-қатнастарын қалыпқа келтіріп, әрі қарай өздерінің жұмыстарымен айналысып жатыр.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысының шаруалары астық сапасын арттырудың жолын тапты Зерендіде мал бордақылау алаңы салынып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы