374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада медиация күні өтіп жатыр

  • 256
  • UPD: 14:28, 03.08.2018
Елордада медиация күні өтіп жатыр

Бүгін қара қылды қақ жаратын мамандар медиация күнін өткізіп жатыр.

Елордадағы Достық үйінде бас қосқан медиаторлар бітімгершілік бағыттың даму сатысын саралап, тараптар арасындағы келісімді сақтап қалу жолдарын талқыға салды. Бүгінде республика бойынша облыс орталықтарынан бөлек аудандар мен ауылдық округтерде 800-ден астам медиация кабинеті жұмыс істейді. Атқарылып жатқан істің нәтижесі де жаман емес. Статистикалық деректер бойынша 2016 жылы медиаторлар көмегіне 7 мыңға жуық адам жүгінсе, былтыр олардың саны шамамен 10 мыңға дейін жеткен.

Досмұхамет Нұр-Ахмет, қалалық әкімдік жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- Барлық ауылдарда қазақтың, барлық жерлерінде, елді-мекенде ақсақалдар болған. Олардың бойындағы ең болған үлкен күш, құдірет ол олардың моральдік авторитеті. Қазіргі заманда да адамдар тек қана материалдық авторитеттерден тұрмауы керек. Егерде қоғам тек қана материалдық авторитеттен тұратын болса оның келешегі де бұлыңғыр болып қалуы мүмкін, бүгін болмаса ертең.

Осы категория бойынша: « Сыр бойының шаруалары күн энергиясын пайдалана бастады Шарын шатқалы мен Жоңғар Алатауы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы