364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында марихуана дайындаушы ұсталды

  • 167
  • UPD: 07:59, 04.08.2018

Жамбыл облысының тұрғынынан 38 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Облыстық Ішкі істер департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, ол Меркі ауданындағы «Сиыр баз» жайылымы маңынан ұсталды. «Көкнәр-2018» жедел профилактикалық шарасы барысында полицейлер бұрын сотты болмаған 38 жастағы аудан тұрғынынан қапшыққа салынған марихуана тапқан. Қазір қолға түскен азамат өз кінәсін мойындап, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оған еліміздің Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлімі бойынша мүлкін тәркілеусіз 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысына 170 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр Қызылордалық қауын-қарбызға сырт елдерден сұраныс артуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы