365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 64 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған

  • 152
  • UPD: 08:23, 04.08.2018

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы қоғамдық жерде есірткі тұтынып жүргені үшін жұмыстан шығарылды.

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін Мемлекеттік кірістер комитеті бойынша 64 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде бірі жұмыстан шығарылса, бірінің лауазымы төмендетілді. Қалғандарына қатаң сөгіс берілді. Жалпы өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, ел бойынша этиканы бұзу көрсеткіші 23 пайызға төмендеген. 

Төлеген Ташмағамбетов, ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі:

– Қызметкерлер жеке парақшаларында әдеп нормаларын бұзуға жататын суреттер, жазбалар жүктеп жатады. Біз түсіндіру жұмыстарында көпшіліктің назарын аударатын көріністерді жүктемеулерін айтып отырамыз.

Осы категория бойынша: « СҚО кәсіпкерлері халыққа үздік тауарларын ұсынды Атырау облысында алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы