367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды

  • 206
  • UPD: 08:17, 04.08.2018
Атырау облысында алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды

Атырау облысында еліміз бойынша алғашқы ақпараттық өңдеу орталығы іске қосылды.

Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Заманауи озық технологияға негізделген орталық кен алаңдарынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтар мен төгілген мұнайдан бастап, Каспий теңізіндегі кемелер қозғалысына дейін бақылайды. Жаңа орталық мұнайлы өңірдегі экология, төтенше жағдайлар қызметіне де ақпараттық қызмет көрсете алады.

Күндіз-түні үзіліссіз жұмыс істейтін 80 шкафта 3 мыңнан астам сервер орналасқан. Сыйымдылығы 1000 тирабайттан асады. Орталық Солтүстік Каспий жобасына енетін «Қашаған» кен алаңындағы геологиялық және өндірістік процестерді бақылауға арналған. Десек те, «оның өңірдегі көмірсутегі шикізатын игерушілерге тигізер пайдасы мол», – дейді мамандар.

Серікбол Ғабдікәрімов, жетекші инженер:

– Орталықтың ең басты мақсаты – Атырау аймағындағы кен өндіруші және мұнай өңдейтін зауыттарда болатын апатты жағдайларды тез арада орталыққа жинап, оны құзырлы органдарға тарату.

Атыраудағы орталық мүмкіндігі жағынан тек елімізде ғана емес, Орта Азиядағы бірегейі болып саналады. Сондықтан оның жұмысына тапсырыс көп. Орталық кен алаңдары туралы ақпараттар мен геологиялық барлау жұмыстарының қортындыларын да өңдей алады. Бұған дейін мұнай өндіруші компаниялар қажетті мәліметтерді Милан мен Мюнхеннен сатып алатын. Енді мұнайшылар арзан да жедел ақпарат алуға қол жеткізәп отыр.

Рафаэль Галиев, орталық инженері:

– Мұнда жүздеген серверден түскен ақпараттар өңделіп таратылады. Біз кен алаңдарындағы өнідірістік процестерден бастап, Каспийдегі кемелер қозғалысы, ондағы тірі табиғаттың жай-күйі туралы деректер бере аламыз.

Сондай-ақ кен алаңдары мен мұнай өндіру зауыттарындағы жүздеген қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықтарды бақылауға арналған стансалардың ақпараттары да осында жиналады. Экологтар кез келген мәліметті жедел түрде ала алады. Мамандардың айтуынша, орталық кез келген кибернетикалық шабуылдан да сенімді қорғалған. Ол электр қуаты болмаған жағдайда да 8 сағатқа дейін дербес жұмыс істей алады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Бұл екі генератордың қуаттылығы шамамен 20-25 мыңдай тұрғыны бар ықшам ауданды электр қуатымен толық қамтамасыз ете алады.

Орталықта негізінен шетелдерде білім алып, тәжірибе жинақтаған қазақстандық мамандар жұмыс істейді.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « Елімізде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 64 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған Маңғыстау облысында туристерге арналған рекреациялық аймақ салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы