370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында картоп пен зығырдың жаңа түрлері өсіріледі

  • 239
  • UPD: 12:33, 04.08.2018
Қостанай облысында картоп пен зығырдың жаңа түрлері өсіріледі

Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары соңғы жылдары күнбағыстың үш түріне авторлық құқық иеленіп, «Қоснұр» атты жаңа тұқым патенттеуге ұсынылып отыр.

Ғылыми қызметкерлердің мұнан өзге де жаңалығы жетерлік. «Алқап күні» іс-шарасы барысында соның бәрі өңір диқандарына таныстырылды. Тәжірибелік танаптарда картоп пен зығырдың да жаңа түрі өсіріледі. Негізгі мақсат – Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындау, ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастырып, өнімділікті арттыру. Бұл бағытта жергілікті ғалымдардың ізденісі оң нәтиже беріп, олар енгізген жаңашылдыққа аймақта сұраныс артып келеді.

Нәбидолла Кикебаев, Қостанай АШ ҒЗИ бас директоры:

– Әртарапты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ешқандай улы заттар қолданылмайтын тәсілді көрсетіп жатырмыз. Ол таза өнім алып, шетелге қымбат бағамен сататын технология. Қазір 25 мың гектар Қостанай облысында осы әдіспен егіледі.

Осы категория бойынша: « Алматыда салынып жатқан метро бекеттері 2021 жылы пайдалануға беріледі Алматы облысындағы суармалы егін алқаптарының көлемі ұлғаяды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы