374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту жөнінен кеңес өтті

  • 307
  • UPD: 19:33, 04.08.2018

Ауыл шаруашылығы саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру және заманауи технологияларды қолданысқа енгізу.

Осы бағыттағы өзекті мәселелер Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өткен жиында талқыланды. Мұнда 4 облыстың әкімдік өкілдері мен шаруашылық басшылары Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде агро-өнеркәсіп кешенінің дамуы, өнім сапасы мен экспорт көлемінің артуы саладағы өзекті мәселердің бірі. Бұдан бөлек, жаңа егіншілік мәдениетін енгізу, технологияны жаңғырту, ғалымдардың инновациялық бастамаларын іске асыруға ерекше назар аудару қажет. Ал мемлекет әр облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуы, сонымен қатар жаңа жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жыл басынан бері бюджет көлемін үш есе ұлғайттық. Бізге ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа көзқарас керек. Ол үшін заманауи ойлайтын мамандарды жұмысқа тартып, бірегей жобаларды жүзеге асыру қажет.

Серік Кененбаев, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ бас директоры:

- Қазіргі таңда шығарған сорттарымыз бен будандарымыз 500-ден асады. Соның ішінде 178-і өндірісте пайдаланылып жатыр. Бұрын сортты шығару үшін классикалық метод қолданылатын. Ол сорт шығу үшін 12-15 жыл керек. Ал қазір биотехнологиялық әдісті қолданылған кезде біз сортты екі есе тезірек шығаруға, былайша айтқанда 7-8 жылда шығаруға, содан кейін мақсатты бағытта шығаруға мүмкіндік аламыз.

Осы категория бойынша: « Павлодарлық отбасы омарташылықтың пайдасын кеңінен насихаттап жүр Жыл басынан бері Астанадағы дәмханаларда 300-ге жуық төбелес тіркелген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы