365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері Астанадағы дәмханаларда 300-ге жуық төбелес тіркелген

  • 192
  • UPD: 19:39, 04.08.2018

Түн ішінде даңғырлатып музыка қойып, маңайдағы жұртқа тыныштық бермейтін түнгі клубтар бар.

Жыл басынан бері «102» нөміріне түн ұйқысын бөліп, алты жарым мыңға жуық астаналық хабарласса, соның 700-ге жуығын осындай шу мезі еткен. Тұрғындардың талабымен Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері рейдке шығып, жұртқа тыныштық бермеген дәмханаларды шолып шыққан еді.

Қаланың қақ ортасында жұмыс істеп тұрған бұл дәмхана көпшілікке белгілі. Көпқабатты үйге жапсарлас орналасқандықтан тұрғындардан түскен шағым көп. Себебі балконы би алаңына айналған. Түннен таңға дейін дамыл жоқ. Даңғырлаған музыка. «Дәмхананың қожайынымын» деген мына азамат өзімен бірге мекемеде 6 адамның қызмет ететінін айтты. Құжаттарымыз түгел, бәрі заңды. Ешкімнің мазасын алып жатқан жоқпыз, дейді. 

Тимур Сәдуақасов, дәмхана иесі:

- Біз 2017 жылдың тамызынан бері жұмыс істеп келеміз. Сол уақытта тұрғындардан «музыкаңыздың дауысы қатты шығады» деген шағым түскен еді. Оны реттедік. Қызметкерлеріміздің барлық құжаттары бар. Арақ-шарап сату үшін рұқсат алғанбыз. Қазір тұрғындар шағымданатындай емес. Бұл біздің жеке аула ғой. Сондықтан өзімізді кінәліміз деп есептемейміз. Егер қандай да бір заң бұзушылық орын алғаны дәлелденсе, оны түзетеміз. 

Рейд барысында дәмханадағы қызметкерлердің медициналық кітапшалары тәркіленді. Рас не жалған екендігін тексеру үшін құжаттар сараптамаға жіберіледі. Әзірге белгілісі - мекеме иесі қызметкерлермен еңбек келісімін бекітпеген. Көші-қон заңнамасы сақталмаған. Тиісінше дәмхана иесінің атына 12 әкімшілік хаттама толтырылды.

Софья Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Өткен шарада полиция қызметкерлері бірқатар заңсыздықтарды анықтады. Ол әкімшілік заң бұзушылықтар. Бұл мәселе бізде қатаң бақылауда тұр. Көңіл көтеру мекемлерінің иелерімен профилактикалық жұмыс жүрігізіледі. Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Және тыныштықты бұзбау бойынша. Бұл жұмыс әлі жүргізіледі. 

Жалпы жыл басынан бері қаладағы дәмханаларда 500-ге жуық ұрлық, 300-ге жуық төбелес, 40-қа жуық алаяқтық дерегі тіркелген. Тұрғындардан шағым түссе, көңіл көтеретін орындар бірден тексеріледі. Заң бұзушылықтар анықталып, кемшілік түзетілмесе мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев

Осы категория бойынша: « Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту жөнінен кеңес өтті Павлодар облысындағы жазғы лагерьде балалар киіз үйде тұрып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы