365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы жазғы лагерьде балалар киіз үйде тұрып жатыр

  • 368
  • UPD: 19:46, 04.08.2018

Павлодар облысында балалардың жазғы демалысын тиімді қамту мақсатында әртүрлі үлгідегі 700 -дей лагерь жұмыс істеді.

Оның ішінде тілдік, туристік-өлкетану, этно-мәдени, интллектуалды, спорттық шаралар бар. Осы мақсатта 285,2 миллион теңге қарастырылған. Дегенмен, биылғы жылдың жаңалығы Баянауыл ауданындағы «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығы жанынан ашылған «Қазақ Саmp»  атты скауттық жоба. 

«Қазақ Саmp» ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген. Демалушылар табиғатпен біте қайнасқан халқымыздың  ежелгі тұрмыс тірлішілігіне  қайта оралады. Ер балалар арасында қамшы өруге қызығушылық  жоғары. Мұның тәрбиелік мәні де зор екен. Халқымыздың салты бойынша ұлы он үшке толғанда әкесі топты жарсын - деп тобылғы  қамшы ұстатқан екен.

Нұржан Елеуұлы, еңбек пәнінің мұғалімі:

- Ата-бабамыздан қалған мұра мынау қамшы өруді үйрету. Ең біріншіден, қамшы дегеніміз өзі теріден иленіп, жасалады. Тері қалай жасалады, мынау бізде құлақбау дейміз , құлақбаудан таспа тілу, оны қырнау, оны жұқартып өздеріне бәрін үйретіп,  сосын ең жеңілі төрт таспадан жасаймыз.

Мұнда ағаштан  тұрмыстық бұйымдар да жасалады. Астау, этноауыл көрінісі, табиғи ескерткіштер  балалардың  қолынан шыққан. Қыз балалар қазақтың ұлттық  тағамдарын    дайындап  үйренеді.

Айдана Махмұтқызы, оқушы:

- Маған бәрі өте ұнайды.Біз бұл жерде қазақтың ұлттық тағамдарын пісіреміз, күндіз-түні бір-бірімізбен біргеміз  және де алтыбақанда тербелеміз. Бұл жердей телефон, вай-фай деген нәрселер жоқ, яғни көп сөйлесеміз, тауға шығып саяхаттаймыз.

Киіз басу, құрақ көрпе тігіп, сырмақ сыру. Жеті қазынаға жататын қыран құс пен құмай тазы да осы «Қазақ Саmp» бағдарламасына енген. Ауданның құсбегілері балаларға саятшылық туралы әңгімелейді.

Ерсін Қожахметов, құсбегі:

- Бұл құсты енді аңға саламын біріншіден аң үшін ұстаймыз, қызық, екіншіден, 2017 жылы Қазақстан бойынша бас жүлдені алып қайтты. Павлодар облысының атын шығарып, қорғап. Бұл құстың аты Найзатұяқ.

Нұрсағат Ермеков, «Жас дәурен» жазғы сауықтыру лагерінің басшысы:

- Балалар киіз үйлерде жатады. Ол басынан бастап шешілген мәселе. Әрине балаларды киіз үйде жатқызу үшін ата-аналарының рұқсатын алдық. Шұғылданатын жұмыстары балалар үйірмелермен айналысады және де скаут қозғалысы болғаннан кейін скаут жұмыстарымен айналысады.

Бір ауысымда 30 бала демалыспен қамтылған оқу-сауықтыру лагері қазір үшінші маусымын бастап кетті. Бұл жерде ұздік оқушылармен  қатар әлеуметтік аз қамтылған және  көп балалы отбасылардың балалары демалып жатыр. Білім басқармасы келешекте «Қазақ Саmp»  республикалық, тіпті халықаралық дәрежеде ұйымдастырылады деген міндет қойып отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Осы категория бойынша: « Жыл басынан бері Астанадағы дәмханаларда 300-ге жуық төбелес тіркелген Қызылордалық кәсіпкер өнімдерін «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы