365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы студент жастарды жұмыспен қамтудан көш бастап тұр

  • 256
  • UPD: 10:03, 05.08.2018

Ақтөбеде жастардың құрылыс жасақтары жыл бойы жұмыс істейтін болды.

Бұрын олар тек жаз маусымында ғана еңбекке тартылатын еді. Жалпы өңір студент жастарды жұмыспен қамту жағынан көш бастап тұр. 14 жыл ішінде «Жасыл ел» мен «Атамекен» құрылыс жасағында 50 мыңнан астам студент еңбек етті. Бұл жобаға жұмыссыз жүрген жастар да қатыса бастады.

Құрылыс жасағында қыз балалар аса ауыр жұмыстарды атқармайды. Оларға кірпішті реттеп жинау, әктеу мен сырлау сияқты міндеттер жүктелген. Ал ер балалар күрделі жұмыстарға көмек береді. 18-19 жастағы студенттер осылайша өз еңбектерімен ақша тауып жүр. Ай сайын үзбей жалақыларын алады. Екінші курс студенті Арайлым Серікқызы екінші жыл қатарынан жұмыс істеп жүр.

Арайлым Серікқызы, студент:

– Бір жағынан еліме үлес қосамын. Ата-анама қаржылай көмек көрсетемін. Жалақымыз – айына 55-60 мың. Осы жылы екінші ай істеп жатырмын. Студенттерге ең тиімді жұмыс болып табылады. Құрылыс болғанымен, бұл жердің жұмыстары ауыр емес.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй салып жатқан құрылыс компаниялары жыл сайын студент жасақтарына жұмыс береді. Бұл жоба олар үшін де тиімді. Ұсақ-түйек жұмыстарға жастар қолғабыс етеді.

Серік Сәтенов, құрылыс компаниясының өкілі:

– Ай сайын бізге 30 студент келеді. Үйлерінде жатпай, ата-аналарына қолғабыс береді.

Нұрлыбек Мусин, «Жасыл ел» және «Атамекен» жасақтары облыстық штабының төрағасы:

– 2017 жылы Ақтөбе штабы республика бойынша бірінші орын иеленді. Ішкі саясат арқылы, табиғатты қорғау ресурстары басқармасы, құрылыс басқармасы арқылы 5500 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 4500 жас жұмыспен қамтылып болды.

Биыл жастар лагерлердің аумағын абаттандыруға атсалысты. Сондай-ақ бірнеше әлеуметтік жобаның іске асуына көмек берді. Бұдан бөлек, қаланың жасыл белдеуін жаңғыртуға және көше тазалығын қадағалауға қатысып жатыр. Еңбек маусымы аяқталған кезде, 80 үздік студент Астанаға қыдырып барады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев

Осы категория бойынша: « Аршалы ауданында шағын кәсіпкерлік қанат жайып келеді Баянауылда «Экологиялық велотуризм» жобасы аясында оқушылар табыс тауып жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы