364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда көші-қон заңын бұзған 130-ға жуық азамат анықталды

  • 205
  • UPD: 22:35, 05.08.2018

Төрт күндік «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасында 110 мигрант ұсталған.

Олар Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматтары. Ал қалған заңға қайшы әрекеттерді тіркеуде тұрмаған өз еліміздің азаматтары жасаған. Көші-қон полициясының қызметкерлері базарлар мен құрылыс нысандарына, жатақханалар мен көліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарына арнайы реид жүргізген. Тексеру барысында шетелдік мигранттардардың кейбірінің Қазақстанға келіп-кету тәртібін бұзғаны, енді бірінің жасырынып, рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. 

Қанат Шаухаров, облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы:

- Қабылдау-тарату мекемесіне 77 шетел азаматы орналастырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы бойынша оларға айыппұл салынады. Яғни бюджетке 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 30 мың теңгеден жоғары қаржы қайтарылады.

Осы категория бойынша: « «Бүркіт» арнайы жасағының қатары толықты Павлодар облысында ІТ-сыныптарға қызығушылық жоғары »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы