365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек беріледі

  • 128
  • UPD: 07:33, 06.08.2018

Австралия үкіметі қуаңышылықтан зардап шеккен фермерлерге қосымша 190 миллион доллар қаржылай көмек беретін болды.

Айта кетейік, бұл күндері елдің оңтүстік-шығыс аймақтарын алапат қуаңышылық жайлап тұр. Премьер-министр Мал-кольм Тернбулдың мәлімдеуінше, шаруаларға бір жолғы төлем де беріледі.  Бұл шешім мемлекеттік қолдау көлемін 576 миллион долларға дейін арттыруға сеп болмақ. Осыған дейін де Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының билігі шаруаларға бір миллиард доллардан аса қаржылай қолдау жасаған еді. 

Малкольм Тернбулл, Австралия Премьер-министрі:

- Фермерлеріміз жақсы дайындалған, олар керемет кәсіпқой мамандар. Бірақ жағдай нашарлауы мүмкін. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында мұндай қуаңшылық 1965 жылдан бері болмаған.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында ІТ-сыныптарға қызығушылық жоғары Павлодар облысындағы бағбан отбасы өңірді көкөніспен қамтамасыз етіп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы