374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әрбір 18-отбасы сәби сүйе алмай отыр

  • 736
  • UPD: 13:45, 06.08.2018

Ақтөбеде репродуктивті хирургияны дамыту мәселелері талқыланды. Дәрігерлерді бедеуліктің белең алуы алаңдатып отыр.

Қазақстандағы әрбір 18-отбасы бала сүйе алмай жүр.

Осы орайда репродуктивтік хирургияда заманауи эндоскопия әдісін жаппай қолдану жайы айтылды. Еліміздегі ең алғашқы эндовидеохирургиялық операция осыдан 25 жыл бұрын Ақтөбеде жасалған еді. Бүгінде гинекология саласында жасалатын барлық операцияның 90 пайызында осы әдіс қолданып жүр. Ақтөбенің перинаталдық орталығында өткен шеберлік сағатына аудандардан дәрігерлер келіп, өзара тәжірибе алмасты. Алматы қаласындағы репродуктивтік медицина институтынан келген жоғары білікті дәрігерлер 16 әйелге операция жасады.

Владимир Котлобовский, облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Қазір медициналық мекемелерде эндохирургия операцияларының үлесі артып келе жатыр. Біз бұған бірден қол жеткізген жоқпыз. Үлкен дайындық болды. Кейбір бөлімшелерде 80-90 пайызға жетті. Мысалы, балалар хирургиясында бұл әдіс өте жиі қолданылады. Тәжірибе алмасу арқылы дәрігерлердің біліктілігін арттырып, тың әдістермен танысамыз.

Осы категория бойынша: « «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру басталды Қазақстанның ХҚО-лары бірыңғай жұмыс кестесіне көшті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы