364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының жолдарынан 3 мыңнан астам кемшілік анықталды

  • 222
  • UPD: 15:16, 06.08.2018
Ақмола облысының жолдарынан 3 мыңнан астам кемшілік анықталды

Ақмола облысының жолдарында арнайы талаптарға сай келмейтін 3 жарым мыңға жуық кемшілік анықталды.

Яғни кедір-бұдыр, ой-шұқыры көп жерлер. Осыған байланысты әкімшілік полиция басқармасы жолға жауапты коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік органдарға 90-нан астам айыппұл салды. Ал олқылықты ретке келтіру жайлы жасалған ескертулердің саны 1 мыңнан асады. Тексеруші мамандардың айтуынша, егер бұл жолдарды жөндемесе, мұның соңы жол-көлік апаттарының жиілеуіне алып келуі мүмкін. Жалпы Ақмола облысында жолдардың жалпы ұзындығы 19 мың шақырымға жуықтайды. Ал осындай тексерістер жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл 10 мың шақырым жол зерттелген.

Ержан Қошқарбаев, облыстық әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдарға бағдаршамдар мен жол белгілерін орнатуға қаржы бөлу туралы 114 хат жіберілді. Сондай-ақ осы тексерістің нәтижесінде 7 жерге бағдаршам мен 202 жол белгісі қайта орнатылып, 11 бағдаршам мен 586 жол белгісі қалыпқа келтірілді.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында көлік салығын төлеуден жалтарғандар жазаланды Шалқар көліне экологиялық қауіп төнді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы