365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ірі шаһарларды көгалдандыру мәселелері талқыланды

  • 177
  • UPD: 17:17, 06.08.2018
Алматыда ірі шаһарларды көгалдандыру мәселелері талқыланды

Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту ережелеріне жаңа өзгерістер дайындалып жатыр.

Егер жоба қабылданатын болса, заңсыз кесілген бір ағаштың орнына елу түп ағаш отырғызуға тура келеді. Бұл туралы «Заманауи мегаполис жағдайындағы жасыл құрылыс және ландшафты архитектура» тақырыбына арналған конференцияда айтылды. Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысының айтуынша, әзірге заңсыз шабылған бір ағаштың орнына он тал егу қағидасы қолданылып отыр. Франция, Голландая, Бельгия сынды әлемнің сегіз елінен келген білікті мамандардың қатысуымен өткен конференцияда ірі шаһарларды көгалдандырудағы жаңа технологиялар мен өзекті мәселелері талқыланды. Ал жасыл желектерді қорғауға арналған жаңа ережелер жыл соңына дейін бекітілуі мүмкін.

Олжас Жанысбаев, қалалық Табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда жоба дайын. Енгізілетін өзгерістерді бір рет қоғамдық талқыға салдық. Осы аптада екінші рет көпшіліктің пікірін білуді жөн көріп отырмыз. Одан соң құжатты қалалық мәслихат депутаттарының назарына ұсынып, Әділет департаментіне жібереміз.

Осы категория бойынша: « Биыл 6500 астаналық тегін кәсіби білім ала алады ШҚО-да ерте темір дәуіріне тиесілі қорымдар табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы