371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да ерте темір дәуіріне тиесілі қорымдар табылды

  • 257
  • UPD: 17:22, 06.08.2018
ШҚО-да ерте темір дәуіріне тиесілі қорымдар табылды

Сақтар мәдени кешені Шығыс Қазақстандағы Алтай-Тарбағатай тауларында қалыптасқан.

Бұл – осы өңірде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Зейнолла Самашевтың пікірі. Археолог ойының жаны бар. Оған таяуда ғана Тарбағатай ауданындағы «Елеке сазы» жайлауынан ерте темір дәуіріне жататын заттардың табылуы дәлел. Болжам бойынша қорымдардан алынған заттар б.з.д 8-7 ғасырға тиесілі. Барлық жәдігерді қазір Мәскеуден келген антропологтар зерделеп жатыр. Ғалымдар қорғанда жатқан сақ бекзадаларының денесін мумиялауға әрекет жасалғанын байқаған. 

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, археолог:

- Есік қорғаны, басқалары табылды. Талдыдан ашылды, Шіліктіден, олардың барлығы тоналып кеткен болатын. Мына жерде тоналмаған адам таптық. Содан кейін дене мүрдесі, бас сүйегі, бәрі жақсы сақталған. Сондықтан бұдан көбірек алуға болады.

Осы категория бойынша: « Алматыда ірі шаһарларды көгалдандыру мәселелері талқыланды Білім вице-министрі 25 балмен грантқа түскен талапкерлер туралы айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы