368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық құтқарушылар 3 адамды ажалдан арашалап қалды

  • 147
  • UPD: 21:15, 06.08.2018
Ақтаулық құтқарушылар 3 адамды ажалдан арашалап қалды

Ақтаулық құтқарушылар жағалаудан 150 метр қашықтыққа ұзап кеткен 3 адамның өмірін сақтап қалды.

Қайық орнына пластмаст қалқыма пайдаланған ер адамдардың ішімдік ішпегені белгілі болып отыр. Оларға дереу көмек көрсетіліп, үйлеріне жеткізілген. Тағы бір осы сынды оқыс оқиға кеше Жаңаөзен маңындағы Кендірлі демалыс аймағында да тіркелді. Бұл ретте жағажайдан екі шақырым жерде қайығы бұзылып қалған балықшы құтқарылған. 

Марат Алдияров, облыстық ТЖД шұғыл құтқару бөлімшесінің жетекшісі:

- Қайықты сүйретіп алып шықтық. Құтқарылған адамның жағдайы жақсы, үйіне жіберілді. Және 5 тамыз күні теңіз жағалауында бір адамға медициналық көмек көрсетілді. Суға түсем деп жүріп, басын жарақаттап алған.

Осы категория бойынша: « Алматыда денсаулығы сыр берген жүргізуші 7 көлікті соқты Ақтөбеде жергілікті бюджеттен қосымша 100 оқу гранты бөлінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы