365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент тұрғындары әкімдіктің жұмысына шағымдана алады

  • 158
  • UPD: 14:50, 07.08.2018
Шымкент тұрғындары әкімдіктің жұмысына шағымдана алады

Сын айтқыңыз келсе, Шымкентке барыңыз. «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз». Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына осындай қызметтік бағалау жүйесін ұсынды.

Шаһарда үш күн бойы өткен сауалнама қорытындысы негізінде 10 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей қала тұрғындарының шағымы ыңғайлы болу үшін ол онлайн және офлайн түрінде де қабылданыпты. Тұрғындар өз шағымдарын ғаламторда орналастырылған арнайы форманы толтыру арқылы да жолдаған. Онлайн сауалнамадан бөлек қала аумағында тұрғындардың шағымдарын қабылдайтын 10 орынға жәшіктер қойылған. Негізінен халықтың әкімдіктен сұранары қоғамдық көлік, жол, және тұрғын үйге қатысты сауалдар. «Шымкентіктердің әкімдік жұмысына шағымданауы орынды», - дейді қала әкімдігінің баспасөз жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова. Осы арқылы миллионды қаланың жұмысы жүйеленбек.

Әйгерім Жұмағұлова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

-Мұның мақсаты – мемлекеттік органның, яғни біздің тұрғындарға көрсетіп жатқан қызметтің нәтижесін деңгейін көтеру. Арнайы аналитикалық топ қазір бүкіл шағымдармен жұмыс істеп жатыр. Оның барлығын зерттеп-зерделеп қорытындысын шығарады. Оның қорытындысын шығарғанда Шымкент қаласының тұрғындарының басты-басты қандай мәселесін анықтап, сол мәселелермен жүйелі түбірімен шешу жолында жұмыс істейтін боламыз.

Осы категория бойынша: « Шымкенттегі оңалту орталығында оң өзгерістер бар Қостанайда салынып жатқан көп қабатты үйдің қабырғасы қақырап тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы