365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда салынып жатқан көп қабатты үйдің қабырғасы қақырап тұр

  • 235
  • UPD: 19:25, 07.08.2018
Қостанайда салынып жатқан көп қабатты үйдің қабырғасы қақырап тұр

Жаңа «Юбилейный» ықшам ауданында бой көтерген 60 пәтерлік 5 қабатты үй жыл соңында пайдалануға берілуі тиіс еді.

Қазір нысандағы барлық жұмыстар тоқтатылды. Геологиялық барлау жүргізіліп, құрылысшылар сараптама нәтижесін күтіп отыр. Осыған байланысты құрылған комиссия мәселенің мән-жайын тамыз айының соңында жариялайды. Мердігер мекеменің алдын ала болжамы бойынша үйдің іргетасына судың әсері болуы мүмкін.

Дамбаулов, прораб:

Қазір топырақ суын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аудандағы құрылыстың қарқынына байланысты су тым жоғары көтеріліп, салдарынан үйдің іргетасы шөккен. Сол себепті оның қабырғасына сызат түскен. Негізінен, барлық жұмыстар өндірістік.

Осы категория бойынша: « Шымкент тұрғындары әкімдіктің жұмысына шағымдана алады EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған технологиялар жүзеге асырылмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы