365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың «Сергек» камералары 166 мыңға жуық ереже бұзушылықты тіркеген

  • 182
  • UPD: 20:14, 07.08.2018

Елордадағы «Сергек» бейнекамералары жыл басынан бері 166 мыңға жуық ереже мен құқық бұзушылық тіркеген.

Алайда жалпы мөлшері шамамен 1 млрд 230 млн теңге айыппұлдың бүгінде қайтарылған көлемі жартысына да жетпей тұр. Осыған байланысты жол сақшылары бережағын ұмытқан және жиі ереже бұзатын жүргізушілерді тәртіпке шақырып жатыр.

«Борышкер» жедел алдын алу шарасына «Мемлекеттік жеке әріптестік» жобасы шеңберінде қолданысқа енгген «Сергек» бағдарламалық кешенінің пайдасы мол дейді жол сақшылары. Мәлімет бойынша тек соңғы аптаның өзінде 12 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Құны 71 млн теңгеге жеткен айыппұлдың бүгінде 70 проценті, яғни шамамен 50 миллионы төленді.

Дархан Ташмұхамбетов, қалалық ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы: 

– Жыл басында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте бірқатар өзгеріс енгізілгені белгілі. Солардың біріне сәйкес, жол ережесін бұзған азаматтар өзіне салынған айыппұлды толық өтеу үшін 7 тәулік ішінде айыпақының тең жартысын төлесе жетіп жатыр. Мәселен, егер жүргізуші қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүріп өтсе, оған салынатын 7215 теңге көлеміндегі айыпақының тек 3608 теңгесін ғана төлеуге құқылы. 

Көше қиылыстарындағы «Тоқтау» белгісінен асып тоқтаған және қоғамдық көліктерге арналған бас лэйн жолағымен жүріп өткен жүргізушілерге 7215 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал жылдамдықты шамадан тыс асырған темір тұлпар иелері 12 мың мен 48 мың теңге аралығында айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұл туралы хабарламалар пошта немесе СМС жүйесі арқылы жолданады. 

Салтанат Дүйсебаева, қалалық ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы: 

– Азаматтар құқық бұзған жағдайда немесе профилактика кезінде сол планшеттерді көріп, өзінің құқық бұзушылығын немесе дәл сол заңды түрде сол жерде тіркеп, өзі қарсы немесе қарсы еместігін білдіру жағдайында сол планшеттер орналасады. Яғни дәл орнында тұрып, анықтап, сол жерде тіркеуге күшті, өте қолайлы. 

Жалпы жыл басынан бері жол көлік оқиғасы 20 процентке төмендеген. Сондай-ақ елорда көшелеріндегі 1 мың 360 «Сергек» бейнекешені арқылы биыл 23 қылмыс пен мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ермек Кеншімбек

Осы категория бойынша: « Еліміздің Ішкі істер министрі ресейлік әріптесімен кездесті Хан Тәңіріне аттанған экспедиция сапардан оралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы